Бірінші кезең

1-ші кезең 2023 ж.

Міндет 2023 – соңғы 25 жылдағы аймақтардағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық ортаның қалыптасуының нақты негіздерін кешенді талдау, облыс, аудан, қала және ауыл деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар деңгейін салыстырмалы талдау.

  1. соңғы 25 жылдағы аймақтардағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық ортаның қалыптасуының нақты негіздеріне жан-жақты талдау жасау; облыстық, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі аймақтық айырмашылықтар деңгейін салыстырмалы талдау;
  2. шекаралық және «проблемалық» өңірлер контекстінде аумақтық даму мәселелерінің кешенін бағалау;

  3. шекаралық және «проблемалық» өңірлер контекстінде аумақтық даму мәселелерінің кешенін бағалау;

  4. этникалық азшылықтар тығыз қоныстанған аймақтар мен болашағы жоқ ауылдық елді мекендердің басым даму факторларын зерттеу.

 

НӘТИЖЕЛЕР 2023

Алынған нәтиже 2023 — соңғы 25 жылдағы аймақтардағы әлеуметтік-мәдени және экономикалық ортаның қалыптасуының нақты негіздеріне кешенді талдау жүргізілді, облыстық, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі аймақтық айырмашылықтар деңгейіне салыстырмалы талдау жасалды.

  1. әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастырудың нақты негіздері Қазақстан аймақтарын әр түрлі уақыт кезеңдері бойынша кешенді бағалаудың негізгі индикаторларын біріктіру негізінде талданады;

  2. статистикалық көрсеткіштердің әзірленген жүйесі негізінде Қазақстан аймақтарының контекстінде көп өлшемді салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, экономикалық орта мен аймақтардың типологиясына салыстырмалы талдау жүргізілді;

  3. аймақтық статистиканың нақты көрсеткіштерін топтастыру негізінде қалалар мен ауылдық елді мекендер контекстіндегі даму деңгейлерінің аумақтық айырмашылығына баға берілді;

  4. кешенді тәсілге негізделген аймақтық проблемаларды бағалау бойынша социологиялық зерттеулерді, сараптамалық және үлгілік социологиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесі әзірленді (кезеңдік іс-шаралар кешені) және ол  сынақтан өтті;

  5. Қазақстанның шекаралық және «проблемалық» аймақтары контекстіндегі аумақтық дамуға талдау жүргізіліп, этникалық азшылықтар тығыз қоныстанған аумақтардың негізгі проблемалары мен басым даму факторлары зерттелді;

  6. ақпараттық архитектураның құрылымы, дизайны, модульдері мен негізгі бөлімдері әзірленіп, зерттеу нәтижелерін тарату мақсатында ғылыми бағдарламаның веб-сайты іске қосылды, қолдау көрсетілді және насихатталды.