БУДАПЕШТ (ВЕНГРИЯ)

«Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті» ЖШС зерттеу тобы «International Conference on Social Science and Economics» атты  халықаралық конференциясына (ICSSE) (Италия) қатысып, Budapest Metropolitan University, Hungary (Венгрия) өкілімен іскерлік кездесу өткізді.

Қазақстан үлкен аумақты алып жатыр. Республика әлем елдері арасында тоғызыншы орында. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өңіраралық айырмашылықтардың жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдары болғандықтан, өңіраралық стратификацияның және әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің негізгі параметрлерін бағалау қажет. Бұл зерттеудің мақсаты аймақтық деңгейде Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті бағалау болып табылады. Зерттеудің әдістемесі 2010–2020 жылдарға арналған 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімді жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімге қатысты салыстыру арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың өңіраралық диспропорциясын өлшеуге негізделген. Статистикалық мәліметтердің базасы Ұлттық статистика бюросы болды. Зерттеудің шектелуі Қазақстанның 20 облысы бойынша 2021 және 2022 жылдарға арналған деректердің болмауы болды. Зерттеу барысында Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық теңсіздік бар екені және оның 2010-2020 жылдар аралығында күшейгені анықталды. Алынған нәтижелер инклюзивті дамуда және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті еңсеруде аймақтық саясатты дамытуға пайдалы болады.

Related posts